Фотоснимок на стене –
В доме память о войне.
Димкин дед
На этом фото:
С автоматом возле дота,
Перевязана рука,
Улыбается слегка…
Здесь всего на десять лет
Старше Димки
Димкин дед.
(С. Пивоваров)
В каждой семье, в каждом доме есть фотографии, хранящие память о войне. Помимо обязательных к хранению «героически-фронтовых», это могут быть фотографии беженцев, узников, тыловиков и прочие «бытовые». Мы будем помещать их в разделе «Лица войны». У каждой фотографии будет своя история или хотя бы маленький комментарий: кто и что отражено на ней.
80–летие Великой Победы - важнейшая историческая веха для нашего народа. Великая Отечественная война 1941 – 1945 годов стала одним из самых тяжелых испытаний не только для Советского Союза, но и для всего человечества. Казахстанцы с первых дней войны встали на защиту Родины, проявив мужество, стойкость и патриотизм. Победа ковалась не только на передовой, но и в тылу — женщины, старики, дети работали день и ночь во имя Победы. Народ сплотился как единое целое.
22 июня 1941 года нацистская Германия вероломно напала на Советский Союз, и мирная жизнь погрузилась во мрак. С этого момента начался тяжелый период для всей страны. Казахстанские бойцы проявили героизм на передовой и сражались от Москвы до Берлина. Символами патриотизма и героизма стали выходцы из Казахстана – Бауыржан Момышулы, Талгат Бигельдинов, Алия Молдагулова, Маншук Маметова.
Наряду с воинами, проливающими кровь на поле боя, в победу также внесли свой вклад пожилые люди, женщины и дети, трудившиеся в тылу. Из Казахстана на фронт были отправлены продукты питания, одежда, оружие, в Казахстан перенесены промышленные предприятия. «Все для фронта, все для победы!» - в каждом сердце звучал лозунг. Жители республики показали пример милосердия и дружбы советским людям, прибывавшим в эвакуацию.
В истории казахского народа немало граждан, которые отдали жизнь за Родину и верно служили стране. Один из них-мой дед, ветеран Великой Отечественной войны, учитель, гражданин страны
Среди тех, кто внёс весомый вклад в Победу и послевоенное воспитание подрастающего поколения, был мой дед — ветеран войны и уважаемый педагог Габдуллин Габдреш Кабдуллович.
Он родился в 1920 году в селе Акоба Жанибекского района Западно-Казахстанской области. После окончания 8-летней школы в 1938 году прошёл педагогические курсыГ и начал преподавать в Шынгырлауском районе. С 1939 по 1940 годы обучался заочно в Уральском педагогическом институте по специальности «Казахский язык и литература». В 1940–1942 годах работал секретарём районного комитета комсомола.
В 1942 году был призван на фронт. В ходе боёв получил тяжёлое ранение и потерял ногу. Несмотря на это, вернувшись с войны, он вновь встал у школьной доски и продолжил служение народу в мирное время — на поприще образования. Каждый урок моего деда был уроком жизни. Он умел не только давать знания, но и прививать любовь к стране, земле.
С 1947 года до выхода на пенсию Габдреш Кабдуллович преподавал в различных школах — в колхозах Киров, а также в школах Ново-Петровка и Жаңакүш. За вклад в образование и патриотическое воспитание молодёжи он был удостоен ряда государственных наград, в том числе ордена Красной Звезды (1944 г.), медалей и Почётных грамот. Эти награды - свидетельство самоотверженности дедушки перед Родиной, на пути к учительству.
Он был не только учителем, но и наставником, воспитывавшим поколения казахстанцев в духе любви к Родине, честности и трудолюбия. Его личный пример, жизненный путь, стойкость и преданность делу стали настоящим ориентиром для многих учеников.
Имя Габдреша Габдуллина достойно того, чтобы быть увековеченным. Присвоение одной из улиц села Жаңакүш его имени стало бы заслуженной оценкой его вклада в Победу и развитие системы образования региона.
Мы, потомки, обязаны чтить память таких людей, рассказывать о них будущим поколениям и делать всё возможное, чтобы их подвиг и труд не были забыты.
Подготовила материалы внучка, Габрашева Майра Даулетовна, жительница
Чингирлауского района Западно-Казахстанской области Республики Казахстан
Ерлік пен ұстаздықтың өшпес ізі
Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы – халқымыз үшін аса маңызды тарихи белес. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы – тек Кеңес Одағының емес, бүкіл адамзаттың тағдырына зор әсер еткен зұлмат жылдар. Сол бір сұрапыл кезеңде қазақ халқы да ерен ерлік пен қажыр-қайраттың үлгісін көрсетті. «Ерлікті сүйген ел нұрлы» дегендей, халқымыз майданда да, тылда да аянбай тер төгіп, бейбіт өмір үшін жанын аяған жоқ.
22 маусым 1941 жылы фашистік Германия Кеңес Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап, бейбіт күндер қара бұлтқа оралды. Сол сәттен бастап бүкіл ел үшін ауыр кезең басталды. Қазақстандық жауынгерлер алдыңғы шепте ерлік көрсетіп, Мәскеу түбінен бастап Берлинге дейін шайқасты. Қазақтың қайсар ұл-қыздары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды қаһармандарымыз отаншылдық пен батырлықтың символына айналды.
Майдан даласында қан төккен жауынгерлермен қатар, тылда тер төккен қарттар, әйелдер мен балалар да жеңіске өз үлесін қосты. Қазақстаннан майданға азық-түлік, киім, қару-жарақ жөнелтіліп, өнеркәсіп орындары көшірілді. «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» деген ұран әрбір жүректе жатталды. Халқымыз эвакуациямен келген өзге ұлт өкілдерін де бауырына басып, мейірім мен достықтың үлгісін көрсетті.
Қазақ елінің тарихында отан үшін жанын қиып, елге адал қызмет еткен азаматтар аз емес. Солардың бірі – менің атам, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұстаз, ел азаматы Ғабдуллин Ғабдреш Қабдоллаұлы.
Атам 1920 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Ақоба ауылында дүниеге келген. 1938 жылы сегіз жылдық мектепті аяқтап, алты айлық педагогикалық курстан соң ұстаздық жолын бастайды. Шыңғырлау ауданындағы Правда мектебінде мұғалім болып еңбек етті. 1939-1940 жылдары Орал педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінде сырттай оқып, білімін шыңдады. 1940-1942 жылдары аудандық комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарды.
1942 жылы майданға аттанып, от пен оқтың ортасында ерлікпен шайқасты. Ауыр жарақат алып, бір аяғынан айырылса да, елге оралып, ұстаздық қызметін жалғастыруға күш-жігер тапты. 1947 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін бірнеше ауылдық мектептерде ұстаздық етті. Атамның әрбір сабағы – өмір сабағы еді. Ол тек білім беріп қана қоймай, елге, жерге деген сүйіспеншілікті де сіңіре білді.
Оның еңбегі елеусіз қалған жоқ. 1944 жылы "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталып, көптеген медальдар мен Құрмет грамот Ұлы Жеңістің. Бұл марапаттар – атамның Отан алдындағы қызметінің, ұстаздық жолындағы адалдығының дәлелі.
Ғабдреш атамның өмірі – нағыз ерлік пен ұлағаттың көрінісі. Ол елдің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде өлшеусіз еңбек етті. Оқушыларын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, отансүйгіштікке баулыды. Оның әрбір сөзі – жүректен шыққан шындық, әрбір ісі – елге үлгі болды.
Бүгінде бейбіт өмір сүріп жатқан ұрпақ үшін Ғабдреш атам сияқты ардагерлердің ерлігі – өшпес өнеге, мәңгілік мақтаныш. Олардың есімі ел жадында жаңғырып тұруы керек. Сондықтан, Шыңғырлау ауданынан шыққан, елге еңбегі сіңген, соғыста ерлік көрсеткен Ғабдреш Ғабдуллин атамыздың есімін ұлықтап, ауыл көшелерінің біріне аты берілсе – бұл ұрпақтың атасына деген алғысы әрі әділеттің салтанат құруы болар еді.
Менің атам – ел үшін туған нағыз азамат. Ол бізге – бейбіт өмір мен еркіндік сыйлаған тұлға. Аталар аманатына адал болу – біздің қасиетті борышымыз.
Дайындаған: немересі Ғабрашева Майра
(Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы)